Scorpions в Алматы

«Жырлайды жүрек» әдеби-сазды кеш

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртістері Мұқағали Мақатаевқа арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешті ұсынады. Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының марқасқасы, өмірі өлеңге, өлеңі өмірге айналған дарабоз ақын. Оның ақындығы бір төбе, тұлғалық қасиеті бір төбе. Өлеңдері шыншылдығымен әсерлі, өміршеңдігімен шынайы. Кешті ұйымдастырудағы мақсат - жас буынның ақынның мол мұрасына деген қызығушылығын оятып, құрметін арттыру.

Әдеби-сазды кеште «Астана Мюзикл» театры артистері поэзия иесінің әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелейтін шығармалары негізінде тың дүниені көрермен назарына ұсынбақ. Оның нәзік поэзиясы жырсүйер әр жанның жүрегінен ерекше орын алды. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының артистері Мұқағали жырларының мәңгілік екендігін көрсетеді

 Бұл іс-шара қазақтың маңдай алды, шоқтығы биік ардақты ақынның шығармашылығына арналған мерейлі мерекелердің бірі болмақ.