Kinoman

«Red Ballet Theatre» заманауи хореография кеші

«FOCUS» би жобасының аясында «RED BALLET» би театрының заманауи хореография кеші өтпек, онда «Готикалық соборлар», «Басқа есік», «Radium girl» сияқты үш бірактілі қойылымдар ұсынылатын болады. Қоюшы-режиссері - Максим Ширманкин.

«БАСҚА ЕСІК»

Өмір - есіктер, кіру және шығуды алма кезегі, бір есіктен екіншісіне, екіншісінен үшіншісіне кіріп-шығып, бізді әрдайым таңдау жасауға міндеттейтін дүние деседі жұртшылық.

Ішкі балалығымызды оятатын біздің жақындарымыз бен туыстарымызға жол ашатын Есіктер бар.
Таңдауымызды жасап, өзіміздің қорқыныш-үрейлерімізбен беттестіретін, өз қойнауында сұмдықтарды жасырған Есіктер бар. 
Әрдайым айқара ашып қоятын Жүрек Есіктері бар, ал олардан кейін жасырынып тұрған Есіктерді біз мәңгілікке жауып тұрумен әлекпіз!

«Басқа есік» қойылымы.
- «Тыныш, есіктің ар жағында біреу бар!»

«RADIUM GIRL»

Әуеліде ғылымның жетістіктерін ерекше етіп көрсетіп тұратын жарқыраған бояудың жіңішке сызығы басқалардың өміріне үлкен сызат түсіреді.
Кеткен рухтарды мәңгілікке жоятын әрбір циферблаттағы радий жарығы жылт-жылт етіп тұр. Қарапайым адамгершілікті кері тартатын нағыз у. 

Жарығы өткеннің жасырын түкпірінен түсетін жас қыздардың елестері туралы баяндайтын ерекше оқиға.

«ГОТИКАЛЫҚ СОБОРЛАР»

Иман жартастың бір шетінде әндете тұрды. Оның бұлбұл дауысы жылтылдаған нәзік сәуле болып төгілгенде, жеңіл әрі көркем Қанаттар болып бір өрімге жиналады. Бұл Қанаттарды жайып, Жастық шақ көкке самғады. Кенеттен Қанаттарды тартып алмақшы болған Азғындық келіп, Жастық шаққа баса көктейді. Иманды үлкен үрей алып, айқайы шығып, қорқыныштан абдырап қалады. Иманмен байланыстырушы сәуле сызығы үзіліп, Жастық шақ пен Азғындық жардан құлайды да, мыңдаған бөлшекерге ыдырап кетеді. Иман Абырой руынан шыққан Аббатистерге араласып кеткен сынықтарды көрсетіп, Аббатистер олардан Витраж жинады. Бұл Витражда Жастық шақ, Азғындық пен Иман дауысы болды. Бірақ апалы-сіңлілердің бірі Азғындықтың сынығын жасырып тастайды, ал Абырой кенет семсер кейпіне еніп, оның қолдарын пышақтап қанға бояйды . Қан тамшыларынан Өкініш пайда болып, Аббатисаның қолындағы Азғындықпен күресуге кірісті. Өкініш Азғындықты жеңді де, Витраж Иман Дауысын жарылып босатты. Иманның әсем дауысы өз үнін қайта тауып, оның нәзік әні Готикалық Соборлардың күмбезін қайтадан қасиетке толыстырды.