Scorpions в Алматы

2017 / 2018               Камералық зал                   V маусым

16 наурыз * жұма * 19.00

«Ұлы Мәртебелі Рояль» топтамасы

«Классика: патетикадан карнавалға дейін»

2018 жылдың 16 наурызы сағат 19.00-де Камералық зал сахнасында «Ұлы Мәртебелі Рояль» топтамасынан «Классика: патетикадан карнавалға дейін» фортепианоға арналған музыка кеші өтеді. Солист – халықаралық байқаулардың лауреаты Данияр Есімханов.

А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық арнайы орта музыкалық мектебінің түлегі (Г.А.Мелькова сыныбы). Алғаш рет 14 жасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге үлкен сахнада өнер көрсетті.

1999 жылдан бастап Ганновердегі Жоғары музыка және театр мектебінде (ГФР) профессор Владимир Крайневтың сыныбында тәлім алды.

2001 жылдан Германия, Грекия, Испания, Португалия, Франция, Марокко, АҚШ және Қазақстан қалаларында жеке концерттерімен және оркестрлермен бірге өнер көрсетуде.

«Болашақ» Президенттік бағдарламасының стипендиаты (2005-2007).

Грекия (2006, 2007) және АҚШ-тағы (2009) халықаралық байқаулардың лауреаты, Kasseler Musikfest (ГФР), Animato (Париж, Франция), Amici della Pianoforte (Сан-Даниеле, Италия) халықаралық фестивальдерінің қатысушысы.

2009 жылдан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі болып табылады. 2010 жылдан бастап – Қазақ ұлттық өнер университеті фортепиано кафедрасының ұстазы. Еліміздегі (Астана, Алматы, Павлодар), сонымен қатар шетелдегі (Париж, Лондон) көптеген концерттердің қатысушысы.

Өткен маусымда Камералық зал сахнасында жарқыраған Данияр Есімхановтың шеберлігіне тыңдармандарымыз өз бағасын беріп үлгерді.

 

Бағдарлама:

Л.Бетховен. № 8 фортепианоға арналған соната, c-moll, oп.13 («Патетикалық»)

Grave. Allegro di molto e con brio

Adagio cantabile

Rondo, allegro

 

Р. Шуман. «Веналық карнавал», ор. 26

1. Allegro

2. Romanze

3. Scherzino

4. Intermezzo

5. Finale

 

К Дебюсси. «Эстампы» фортепианоға арналған циклы:

1. Пагодалар.

2. Гренададағы кеш

3. Жауын астындағы бақтар

 

С. Прокофьев. № 2 фортепианоға арналған соната, d-moll, op.14

1. Allegro ma non troppo

2. Scherzo. Allegro marcato

3. Andante

4. Vivace

 

Концерттің ұзақтығы - 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады