ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Талгар
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Ғашық – жүрек

Ғашық – жүрек

Сипаттама

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» барша қазақтың жүрек түкпірінен орын алған қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арнап «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымын сахналайды. Бұл ұлт перзентіне деген құрмет, қаламгер шығармашылығына деген махаббат.

«Ғашық-Жүрек» спектаклі автордың ой-арманынан, жүрек қалауынан, ішкі танымы мен толғанысынан туған түрлі поэзиялары мен өлеңдеріне жазылған, әсерлі әндеріне құрылған сахналық қойылым. Сондай-ақ, махаббат, өмір, сағыныш, ғашықтық ғаламаты мен адал достық, Отан ана мен табиғат ана сынды күрделі тақырыптарға ерекше ықыласпен іңкәрлікпен қараған тұлғаның көзқарасы іспеттес.

Бұл поэтикалық-музыкалық қойылым жасөспірімдер мен балаларды мәдениетке, руханиятқа шақырып, олардың жүрегіндегі махаббаты мен мейірімін байытып, оқылатын өлеңдердегі тақырыптар мен орындалатын әндердегі оқиғаларды жас көрерменнің көкірегіне тоқып, санасына сіңіреді. Сонымен қатар, балалардың қиял қанаттарын әдеби әлемнің көгінде қалықтатып, жан-дүниесіне көркем өнердің сәулесін түсіріп, олардың табиғатында суреткерлік таным-түсінік пен өнерпаздық көзқарасты қалыптастырады. Қазақ әдебиетінің әйгілі тұлғаларының бірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына деген құштарлығын үдетіп, сүйіспеншілік сезімдерін жандандырады.

Актерлер:

Мұқағали Мақатаев Қазыбек Есқара, Асылхан Төлепов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ерназар Жаңатілек

Алтынбек Аманқұлов

Саламат Мұқашев

Аман Ғұмаров

Замира Сапар

Сұлтан Кеңшілік

Армат Амандықов

Гүлдана Әбдісадық

Оразалы Игілік

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Музыкалық жас көрермен театрі, Ж.Омарова 47б

  • Спектакль авторы

     Мұқағали Мақатаев

  • Премьера күні

    9 ақпан 2021

  • Қоюшы Режиссер

    Аман Ғұмаров

  • Жанр

    поэтикалық-музыкалық қойылым

  • Ұзақтығы

    1 сағ. 15 мин.

  • Жас шектеуі

     10+

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 17
    Мамыр
    Жұм
    Жас көрермендердің музыкалық театры
    Новый Зал
    бастап 3000
    бастап 1500