Теперь вы можете подписаться на анонсы Мейірбек Шәкенов
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Мейірбек Шәкенов

Мейірбек Шәкенов

Туған күні
01.01.1988 (36), Қаратал, Ақтөбе облысы, Қазақстан
Мамандықтар

Зодиак белгісі
Тауешкі


Шығармашылық жолы

1994-2003 жылдары орта мектепті, 2003-2007 жылдары А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің үрмелі аспаптар бөлімін бітірген.

2008-2012 жж. «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде ҚР халық әртісі Тілектес Мейрамовтың шеберханасында оқыды.

Университеттің 4-ші курсында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында Ш.Айтматовтың «Қызыл алма» спектаклінде Сердали, С.Жүнісовтың «Ақан сері» спектаклінде «МММ» рөлін ойнаған.

2012-2013 жылдары оқу орнын бітірген Т.Ахтанов атындағы театрдың әртісі. 2013-2018 жылдары С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында, 2018 жылдан Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында жұмыс істеді.

Сонымен қатар, Мейрбек Қарағанды облысының «Қазақстан», «Асыл арна», «Сарыарқа» телеарналары түсірген «Сергелден», «Ең әдемі келін», «Теміржол», «Жолайрық» толық метражды телесериалдарына түскен.