rebranding

Тірі аңыз

Қойылым қазақ халық ертегілерінің негізінде құрылған. Қазақ ұлттық әндері орындалады. Балалардың алдына ұллтық киім киген ақын шығып, адам баласы дүниедегі барлық тіршіліктің тілін білген өзінің жастық кезіндегі ертегіні тамашалауға шақырады. 

Ертегіде келесі оқиға желілері жиналған: қарлығаштың құйрығы неше айыр, Наурыз мерекесі қалай пайда болды, жыланның тілі неге сондай. 

Бұл ертегі егер жақсы, мейірбан әрі кеңпейілді адам болсаң, адам баласын табиғаттан еш нәрсе ажырата алмас деп дәріптейді. Балаларды дұрыс шешім қабылдап, зұлым арбаулардың соңынан ермеуге үйретеді.