rebranding

«ANTICONCERT №2» - ЕРКЕШ ШАКЕЕВ Алматы қаласында

«ANTICONCERT №1» - ЕРКЕШ ШАКЕЕВ

ЖАҢА ФОРМАТ - ПРЕМЬЕРАЛАР МЕН МЕГАХИТТЕР - АВТОР ЕРКЕШ ШАКЕЕВПЕН БІРГЕ ӘН ШЫРҚАУ: «... Q’BAND тобының қатысуымен, концерттің бірінші бөлімінде «Меню Счастья» альбомының Белое Облако, Шторы, Я Люблю Тебя, Меню Счастья атты туындылары, сондай-ақ жақында жарық көрген жаңа премьералары орындалатын болады... Осыдан кейін ойланған форматтың негізгі форматы іске асыырылады: Көрермендер бізбен бірге өздерінің сүйікті әндерін қосыла әндетеді, олар: Нелюбимая, Зимние ливни, Крёстная мать, Донна Осень, Душа, Сердце под прицелом, Никому тебя я не отдам және тағы басқалары...»
«... менің бұл форматты  «Anticoncert» деп атау себебім, таяуда болған концерттерімде көрермендермен бірлесіп әндеткен едім, сол сәтте концерт ұғымының үйреншікті бейнесін түрлендіру, залдың бір бөлігіне екіншісін тыңдату идеясы ойыма келді. Ендігіде бағдарламаның негізгі бөлімінде көрермендермен бірге жүрекке таныс әндерді шырқау болмақ. Осы жылы тыңдаушыларға дәл осы сәттер естерінде ерекше сақталыпты. 

Шығармашылық кештерде жанның шарықтауы болған, осы жолы да сырласу мен жағымды эмоциялар мерекесі болады деп үміттенемін...»

Өткінші жылда мен барлық дөптеген көрермендермен кездесу кештерінің форматын іске асырдым: «Песни под гитару» атты үй концерті; вендік скрипкашы Rusanda Panfili мен британдық пианист Oliver Poole-мен бірге Опера Театрында өткізілген неоклассика жанрындағы концерт; Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өткізілген авторлық орындаудағы шығармашылық кештер; Mario Stefano Pietrodarchi, Oliver Poole, Vadim Eilenkrig есімді шетелдік шеберлердің, сондай-ақ симфоникалық оркестрлердің қолдауымен үлкен концерт залдарында өткізілген «EastWest in Astana & Almaty» атты авторлық кеш... Барлығымыз осы аталған іс-шаралардың әрқайсысында бақытқа бөлендік. Бірақ өз басым менің жүрегіме кіші және орта залдарда өтіп, ұйымдастыруға көп күш және қаражат алмайтын, тыңдаушылардың жаны сезілетін шағын кездесулер жақын. Сол себептен мен кішігірім, жайлы және жақсы жабдықталған Жас сахнаның залында жиналып, менің таныс әндерімді бірлесе шырқауға бел будым...»

Неоклассика жанрындағы Еркеш Шакеевтың туындыларын мынадай аты аңызға айналған оркестрлер орындаған: Лондондық симфоникалық оркестр, Корольдік Филармония Оркестрі, Лондон Метрополитені, London Voices, сондай-ақ танымал солистер - британдық скрипкашы - BRIT Awards иегері - Хлоя Хэнслип, әйгілі хорваттық пианист Максим Мрвица, виолончелші Александр Бэйли, Джон Ленехан мен Оливер Пул атты британдық пианистер, вендік скрипкашы Русанда Панфили және басқа да әлемнің классикалық сахнасының жұлдыздары. 2021 жылы Еркеш Шакеев аты әйгілі трубашы Вадим Эйленкригпен бірлесе отырып, «Pier 39» деген джаз жанрындағы альбомын жазды. 

Еркеш Шакеев - Батырхан Шукенов пен А-Студио тобының белгілі хиттерінің («Нелюбимая», «Солдат Любви», «Белая река», «Твои шаги», «Fashion Girl» және т.б.) авторы және бірлескен авторы. 

Көп жылдар бойы оның келесі хиттері әлемнің сан түрлі елдерінде сүйіп тыңдалады: «Зажигай сердце» - Ани Лорак, «Никому тебя я не отдам» – авторлық орындауда, «Донна Осень» – Дуэт Л, «Девочка в платьице белом» - Musicola, «Зимние Ливни», «Сердце под прицелом», «Крёстная мать»