Подарочный сертификат
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Дж.Верди

«Дон Карлос»

4 бөлімді опера

•           Өтетін орны: «Астана Опера» театрының Үлкен залы

•           Күні мен уақыты: 19 ақпан 2020 ж.  /  сәрсенбі  /  19.00

•           Ұзақтығы: 3 сағат 15 минут (бір үзіліспен)

•           Жас шектеуі: 10+

•           Қосымша: залға үшінші қоңыраудан кейін кіруге, фото және бейне түсірілім жасауға, 10 жастан кіші балалармен спектакльге келуге тыйым салынады.

 

* * * * *

 

ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қоюшы режиссер, сценограф – Давиде Ливермор

Сценография – Gio Forma студиясы

Костюмдер бойынша суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Павел Драгунов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони

Бейнепроекцияларды жасаушы – «D-WOK» ЖШС

Вокалдан тәлімгер-ұстаз – Алла Симонишвили

Қоюшы режиссердің ассистенттері – Джанкарло Юдика Кордилья, Сальваторе Никосия / Еренбақ Тойкенов

Қоюшы дирижердің ассистенттері – Руслан Баймурзин / Элмар Бөрібаев

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Наталия Федорова

 

 

Ноталық материал ұсынған G. RlCORDl & CO., Bühnen- und Musikverlag GmbH, Берлин қ.

 

Либретто авторлары – Жозеф Мери және Камиль дю Локль, Иоганн Фридрих Шиллердің аттас драмасының желісімен.

«Дон Карлос»  – Джузеппе Вердидің опералары ішіндегі ең көлемді әрі барынша өршіл туындысы. 1865 жылдың қараша айында Париждегі Үлкен опера театрының директоры композиторге опера жазуға тапсырыс береді, ал 1867 жылдың 11 наурызында қойылымның премьерасы орын алады.

«Дон Карлостың» музыкасы тыңдармандарға ләззат сыйлаудың орнына оларды біршама таңдандырды. Шығармашыл кемеңгер Вердидің негізін құрайтын өктем күш маэстроның атағы мен танымалдылығына ие болған зор қарапайымдылықтан көрініс табады, алайда ол үйлесімді құралдардың, нәзік дыбысталу мен жаңа әуенді айналымдардың ерекше дамуымен нығая түскен. «Риголетто», «Травиата», «Трубадур» сынды жауһарларды дүниеге әкеліп, атақ-даңққа қол жеткізген Верди өзінің көркемдік шығармашылығында бетбұрысты білдіретін опера жазғанын түсінді.

Сол жылы Италиядағы қойылымы үшін операның аудармасы жасалынды, бұдан музыкада кейбір өзгерістер мен қайта түзетулер орын алды. 1882-1883 жылдары Верди операны біршама қайта өңдеді: жаңа сахналық көріністерді жасау үшін «Аиданың» либреттошысы А.Гисланцони қатысты. 1884 жылдың 10 қаңтарында Милан театрының сахнасында қойылған бұл редакция алғашқы нұсқасынан біраз қысқа болды.

Кейін Вердидің көзі тірісінде, бірақ оның қатысуынсыз, үшінші редакция жасалды. Қазіргі уақытта опера, әдетте, аралас редакцияда сахналанады. Барлық осынау өзгерістердің мақсаты – операны әдеби түпдерекке, яғни Фридрих Шиллердің Сексен жылдық соғыс, Испаниядан тәуелсіздік алу үшін күрес пен Филипп ІІ патшаның сарайдағы шытырмандары туралы баяндайтын 1787 жылы жазылған трагедиясына жақындата түсу еді.

Шиллердің туындылары бойынша жазылған опералар қазіргі күні де танымалдылыққа ие. Ең атақтылары: «Дон Карлос», «Мария Стюарт», «Вильгельм Телль», «Қарақшылар», «Орлеандық бикеш», «Луиза Миллер» және «Мессиналық қалыңдық».

«Дон Карлостың» «канондық» нұсқасы жоқ. Шартты түрде айтқанда, үш нұсқаны: 1867 жылғы бастапқы француздық, 1884 жылғы төрт бөлімді итальяндық және 1886 жылғы бес бөлімді итальяндық нұсқаларды бөліп көрсетуге болады. Алайда әр театрлық қойылымда белгілі бір вариациялар бар – түрлі редакциялардан сан алуан көріністерді енгізу немесе ықшамдаулар, я болмаса екеуін бірге қолдану кездеседі.

«Дон Карлос» операсы композитор шығармашылығындағы жөні де, орны да бір бөлек туынды, алайда ол сазгердің қаламынан туған ұлы шығармалардың бірі болып қала бермек.

Бүгінгі таңда операның француздық та, итальяндық та нұсқасы әлемнің жетекші театрларының сахнасынан түскен емес.

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Филипп II – Барсег ТУМАНЯН, Арменияның Халық әртісі

 

Дон Карлос – Медет ЧОТАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Родриго – Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Ұлы инквизитор – Болат ЕСІМХАНОВ

 

Елизавета Валуа – Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

 

Ханшайым Эболи – Татьяна ВИЦИНСКАЯ

 

Монах – Шыңғыс РАСЫЛХАН

 

Тебальдо – Мәдина ИСЛАМОВА

 

Аспан дауысы – Елена ГАНЖА

 

Граф ди Лерма – Ерұлан КӘМЕЛ

 

Герольд – Рамзат БАЛАКИШИЕВ

 

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, МИМАНСЫ

 

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады