ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Талдықорған
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Бах және оның замандастары

Бах және оның замандастары

Сипаттама

«Бах және оның замандастары»

барокко музыкасының фестивалі

(Иоганн Себастьян Бахтың 340 жылдығына орай)

Екінші концерт

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы - 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Кемеңгер неміс композиторы Иоганн Себастьян Бахтың туғанына биыл 340 жыл толады. Үш ғасырдан астам уақыт бойы адамзат әйгілі барокко шеберінің шығармаларынан шабыт алып келеді.

«Бах және оның замандастары» барокко музыкасының фестивалі 18 ғасырдың ұлы композиторы, керемет органист әрі ұстаздың асқақ өнеріне құрмет әрі тағзым болмақ. Үш музыкалық кеш бағдарламасында И.С.Бахтың музыкасымен қатар оның замандастары мен ізбасарларының (А.Вивальди, Г.Ф.Гендель және т.б.) туындылары шырқалады.

Фестивальге идеялық шабыт берген «Астана Опера» симфониялық оркестрінің солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, скрипкашы Айсұлу Байкенова. Онымен бірге фестиваль бағдарламасына «Астана Операның» опера солистері, хоры және симфониялық оркестрі қатысады.

Фестивальдің екінші концерттік бағдарламасында И.С.Бах пен А.Вивальдидің камералық туындылары шырқалады.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Солистер:

Айсұлу БАЙКЕНОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Ақмарал ЖАНҒАЗИНА (скрипка)

Курванжан АХАТОВ (виолончель)

Диаржан АХАТОВ (виолончель)

Алексей КОСЫРЕВ (флейта)

Александр ТАРАСКИН (флейта)

Анара КАМЕЛЬИНОВА (фортепиано)

«Астана Опера» камералық оркестрі.

Дирижер Руслан БАЙМУРЗИН, «Құрмет» орденінің кавалері

БАҒДАРЛАМАДА:

И.С.БАХ

Соло виолончельге арналған сюитадан №1 прелюдия, соль мажор, BWV 1007

Оркестр мен скрипкаға арналған концерт, ля минор, BWV 1041, 3 бөлімді

№4 Бранденбург концерті, соль мажор, BWV 1049, 3 бөлімді

Оркестр мен фортепианоға арналған №1 концерт, ре минор, BWV 1052, 3 бөлімді

А.ВИВАЛЬДИ

Екі виолончель және ішекті аспаптар оркестріне арналған концерт, соль минор, RV531, 3 бөлімді

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Камералық зал. Қ. Байсейітова)

  • Күні

    2025 жылғы 3 сәуір

  • Уақыты

    19: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

  • Жас шектеуі

    10+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 3
    Сәуір
    Бейс
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 5000
    бастап 5000