А.Серкебаев музыкасына қойылған «Ақсақ Құлан» балетінің тұсаукесері, М.Тілеубаев қойылымы
Сипаттама
Аталмыш аңыз бойынша құрылған екі әрекеттегі балет
Музыкасы - Алмас Ермекұлы Серкебаев
Либретто және хореографиясы - Майлен Мінтайұлы Тілеубаев
І-әрекеттің прологі
Шексіз кең далада күн арайлап атуда. Күлден ажал құшқан сарбаздар қайта тіріліп келеді. Ұлы дала бізге не туралы сыр шертеді? Ол қандай құпияларды сақтайды?
I-Әрекет
Қатыгез және қанды шайқаста Ұлы Жаулаушы Шыңғысхан тағы бір халықты ойсырата жеңді. Оның сүйікті ұлы Жошы - үрей ұялататын, қулығы асқан ең епті жауынгер. Ол барлық қанды шайқастарда әрдайым алдыңғы қатарда орын алады. Осы ұрыста да Жошы хан өзінің әкесі - Ұлы Жеңуші Шыңғысханды қуанта алды! Ұлының еңбегінің ақысына Шыңғысхан Жошыға өз семсерін сыйлайды. Барша халық Шыңғысхан халқының Ұлы Жеңісін ұлықтайды!
Өмір өз кезегімен жүріп жатыр.
Күні
20 қараша 2024
Өтетін орны
Алматы қ., Almaty Theatre
Уақыты
19.00
Жанр
балет
Ұзақтығы
1 сағат 10 минут
Жас шектеуі
6+
Автотұрақ
бар
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 20ҚарашаСәрсAlmaty Theatre.Залбастап 3000бастап 3000