Спектакль «COVID-19»
Өтетін орны: Нұр-сұлтан Қ., «QAZAQSTAN»ОКЗ
Спектакльдің Режиссер-хореографы: Анель Мырзағұлова
Музыкалық шығармалардың авторы: Ақжол Өмірзақов
Жанр: хореографиялық қойылым
Ұзақтығы:
Тұрақ: бар
Жас шектеуі: 16+
Қосымша:
«Astana Musical» мемлекеттік театры «COVID-19» би перформансын
ұсынады.
Жаңа спектакльдің атауы айтып тұрғандай, басты назарда – 2020
жылдың ең танымал сөзіне айналған «COVID-19» құбылысы. Қойылымда
ойдан шығарылған кейіпкерлер мен үйреншікті сахналық образдар жоқ.
Туынды толығымен өміріміздің қазіргі болмысын көрсететін шынайы
оқиғаларға негізделген. «COVID-19» хореографиялық спектаклі – бұл
мәңгілік құндылықтар туралы пайымдаулар, адамдардың ішкі ой-толғанысы,
санамыздағы өзгерістер, көпшіліктің қисынсыз әрекеттері мен ойға
қонымсыз түсініктері, жақындарынан айырылған азаматтардың қайғы-
қасіреті...
Әлемді күрт өзгерткен «COVID-19» пандемиясы бізді өзгерте алды ма?
Сақтық шаралары мен шектеулерге дейінгі өмір қайта оралды ма? Осы және
өзге де өзекті сауалдардың жауабын «COVID-19» атты хореографиялық
спектакльден таба аласыздар.