Теперь вы можете подписаться на анонсы Шехназа Кызыханова
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Шехназа Кызыханова

Шехназа Кызыханова

Мамандықтар

2015 жылдан бері Астана қаласының әкімдігі қарауындағы «Жастар театрының» актрисасы болып табылады.


1994 жылы 6 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Қызылорда облысында, Жолек кентінде өскен.

2012 ж. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжінің театр факультетін «Музыкалық театр актрисасы» мамандығы бойынша бітірген.

2012-2016 жж. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА театр факультетін профессор Нұрқанат Жақыпбай атындағы «Эстрада әртісі (мюзикл)» мамандығы бойынша бітірген.

Шығармашылық жолы

2015 жылдан бері Астана қаласының әкімдігі қарауындағы «Жастар театрының» актрисасы болып табылады.

Марапаттары:

2014 ж. Оңтүстік Кореяның «DIMF - 2014» мюзиклдер фестивалінің лауреаты;

2015 ж. Оңтүстік Кореяның «KIFT - 2015» театр фестивалінің арнайы шақырылған қонағы (Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссер - Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

2018 ж. «Елорда Жастар сыйлығының» иегері «Театр» номинациясы;

2019 ж. «Үміт» сыйлығының иегері;

2020 ж. Астана қаласы әкімдігі мәдениет және спорт басқармасының бастығы Азамат Жағыппарұлы Ахметжановтан «Алғыс хат».

Қызықты фактілер:

  1. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Музыкалық театр актрисасы» және «Эстрадалық әртіс» 2 мамандықтары бойынша бітірген.
  2. 2015 жылдан бастап Астана әкімдігінің Жастар театрының актрисасы. Беделді халықаралық сыйлықтардың лауреаты.
  3. Диснейдің мультфильмдерін халықаралық деңгейде қазақ тілінде дыбыстауға зор үлес қосады - Голливудтың «Күлбике» фильмінде - Күлбике, «Спектр007» фильмінде - Мадлен Свон, «Каникулдағы монстр» фильмінде - Эрика Ван Хельсинг, «Өрмекші адам» - Лиза, «Жұлдыздар соғысы» - Джин Эрсо, «Аладдин» - Жасмин, Аватар 2 - Нейтири