Теперь вы можете подписаться на анонсы Ғабдиев Артур Мұхаддасұлы
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Ғабдиев Артур Мұхаддасұлы

Ғабдиев Артур Мұхаддасұлы

Туған күні
20.11.1989 (35), Атырау, Қазақстан
Мамандықтар

Зодиак белгісі
Сарышаян


Артур Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын 2015 жылы бітірген. 2016 жылы опера труппасының тағылымдамашысы болған кезінде Джоаккино Россинидің «Золушка» операсының тұсаукесерінде басты партияны орындады.

Шығармашылық жолы

  • 2012-2019 жж. Б. Байқадамов атындағы МХК-да артист-вокалист (солист) болып жұмыс істеді.
  • 2016-2021 жж. Абай атындағы ҚазҰОБТ-да солист
  • 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Astana Opera солисті болып жұмыс істеп келеді.

Репертуарлары

  1. Дж.Россинидің «Севильский цирюльник» операсындағы граф Альмавиваның партиясы.
  2. Дж.Россинидің «Жібек сатысы» операсындағы Дорвильдің партиясы.
  3. «Махаббат сусыны» операсынан Неморино Г. Доницетти.
  4. Владимир Ленский «Евгений Онегин» операсынан П.И.Чайковский
  5. Панг, Понг, Дж.Пуччинидің «Турандот» операсынан.
  6. Дж.Пуччинидің «Богема» операсынан Рудольф.
  7. «Інжу іздеушілер» операсынан Нәдір Ж. Бизе
  8. Г. Доницеттидің «Дон Паскуале» операсынан Эрнесто.
  9. Дж.Россинидің «Золушка» операсынан Дон Рамиро.
  10. Д.Чимороздың «Жасырын неке» операсынан Паолино.
  11. «Абай» операсынан Нарымбет А. Жұбанов, Л. Хамиди.
  12. «Біржан Сара» операсынан Серік М. Төлебаев.
  13. «Қалқаман-Мамыр» операсынан Қалқаман Б.Қыдырбек.