Расписание кинотеатра Синемакс Шымкент

Sympho vibe

Өтетін орны: Нұр-сұлтан Қ., атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК. Е. Рахмадиева.

Күні: 9 қыркүйек 2022 ж.

Басталуы: 19:30

Әртістер: симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі-Берік Батырхан,

Бас дирижер: Ернар Нұртазин 

Дирежер: Қалқаман Дүйсембаев.

Тұрақ: 

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

Sympho vibe» кеші ұжымның концерттік маусымының ерекше ашылуы болмақ, себебі бағдарламада классика мен джаз, академизм мен жалынды би ырғақтарының тоғысында туған жауһарлар, яғни Джордж Гершвиннің «Рапсодия в стиле блюз» және «Американец в Париже», Леонардо Бернстайннің «Вестсайдская история» мюзикліндегі «Мамбо» және «The Magnificent Seven», Артуро Маркестің № 2 Дансоны, оркестрмен валторнаға арналған Вилланелла (валторна – К. Дүйсембаев) және Қуат Шілдебаевтың «Каракемер» шығармалары бар.

Концерттің көптеген шығармалары танымал фильмдерден-ақ белгілі. Жанды, әсерлі және әртүрлі әуендер «Sympho vibe» концертін ғажайып күйге бөлейді. Леонардо Бернстайнның «Вестсайдская история» шығармасын ғана өлмес шығарма деп атауға болады: мюзикл экрандарға шыққаннан кейін, фильм осы керемет музыканың арқасында 11 номинациядан 10 Оскарды жеңіп алды. Мюзикл бүгінгі күнге дейін танымал.

«Рапсодия в стиле блюз» – Джордж Гершвиннің ең танымал шығармаларының бірі. 100 жыл бұрын орындалған Рапсодия бірден керемет жетістікке жетіп, композитордың «визит» картасына айналды. Сыншылар Гершвиннің классикалық музыка мен джаз принциптерін біріктірудегі дарындылығын атап өтті. Осы уақыттан бастап «Рапсодия в стиле блюз» шығармасын академиялық және джаз ұжымдары орындайды.

Артуро Маркестің № 2 Дансоны «Proms−2007» фестивалінде күшті әсер туғызды, кейін осы композицияға қысқа метражды көркем фильм түсірілді, ол да кино сүйер қауымды тәнті етті. Мексикалық композитордың шығармасы Латын Америкасында және бүкіл әлемде өте танымал, тіпті автордың құрметіне Халықаралық музыка фестивалі де ашылды.

Симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі – Берік Батырхан, бас дирижеры – Ернар Нұртазин.