Расписание кинотеатра Синемакс Шымкент

QORA Z

 

QORA Z/Театр им. Ж ШанинаМекен жайы: Нұрсәт  м/а. Н. Назарбаев даңғылы 6.

Авторы: У. Шекспир

Жанр: трагикомедия

Қоюшы режиссері әрі сахналық нұсқасын жасаған: Әлібек Өмірбекұлы

Қоюшы суретші: 

Жас санаты: 16+

 

 

 

 

 

«Мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпай болмас еді.» (Абайдың 9-шы қара сөзі) Ұрпағына адам болуды өсиет еткен Абай философиясының тереңдігіне ешкім де күмән келтіре алмас.

Қара сөзінде адамның ішкі психологиясына, танымына философиялық тұрғыдан үңілген. Адам болмысы - Абай заманында, Шекспир кезеңінде, тіпті адам баласы пайда болғаннан-ақ қозғалған ең өзекті мәселе. Жылдар өткен сайын құндылық азайып, ластанып бара жатқан әлемде өзімізден-өзіміз қорқудамыз.

У. Шекспир шығармаларының желісі бойынша қойылған трагикомедия бүгінгі адамды, демек, өз шындығымызды баяндайды. Сан ғасырларды артқа тастаса да өзектілігін жоғалтпаған тақырыпты көтереді.