Расписание кинотеатра Синемакс Шымкент

Orda тобының концерті Шымкент қаласында

Орда тобының ресми тарихын 2000 жылдан бастауға болады, себебі дәл осы жылы ағайынды Беделхан мен ағайынды Оразбековтар қазір «Бауыржан-шоу» атауымен танымал театрдың құрамында бірге жұмыс істеп, өнер көрсете бастады. Әртістердің өздері бұл театрды «БШ» деп атайды екен.

Топтың негізін қалаушылар Беделхан мен Оразбековтар би шоуында өнер көрсеткен еді. Алайда, вокал мен музыка жазуға деген ұмтылысы топты алға тартып, кейіннен топ музыкалық дәрежеге көшті. Алайда іргесін енді көтерген музыкалық ұжымның танымалдығы бірден өршімеді. Радиостанциялар мен телевизияға түсу үшін жігіттер ерен еңбек атқарған болатын. 

Алғаш өнер көрсетулері 9 мамырда орын алды. Өлеңдерге барлық би нөмірлерін топ мүшелерінің өздері қоятынын ерекше атап өткен жөн. Бүкіл хиттер жинақталған 2009 жылы болған Орда тобының концерті топ тарихындағы ең елеулі концерт атанды. «Қазақстан» орталық мемлекеттік телеарнасы бұл концертті өз эфирінде көрсетті.

Дәл сол жылы «Қилы Заман» әні шығарылды. Ән «платина» дәрежесін иеленіп, 50 апта бойы «Европа Плюс КЗ» радиосының ротациясында 1-ші орында болды. 2009 жыл топ үшін ерекше орын алды.

Ал 2011 жылы «Орда» туралы «Запрещённые танцы» көркем фильмі түсірілді. Онда солистер жаңа қырынан танылды. Топ мүшелері фильмді өздері жасап, 2013 жылдың қаңтарында прокатқа шығарған болатын.