rebranding

Германия музыкасы

Цикл

«Қазақквартетпен әлемге саяхат»

(Германия музыкасы )

2017 жылдың 18 наурызы күні танымал ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартетінің қатысуымен концерт өтеді.

Бұл, Қазақстанның ғана емес, көптеген әйгілі музыкалық форумдарда жоғары даңқ пен марапаттарға ие болып жүрген, әлемнің үздік камералық ансамбльдерінің бірі. Ғ.Жұбанова атындағы квартет жоғары орындаушылық шеберлігімен, техникасының өрнектілігімен, тек талантпен ғана емес, көп еңбектенудің арқасында келетін таза, әрі үйлесімді үнімен ерекшеленеді.

         Квартет, «Астана Опера» театрының Камералық залындағы «Қазақквартетпен әлемге саяхат» циклын жалғастыра, бұл жолы неміс композиторларының музыкасын ұсынады. Бірақ, әртістер қайда өнер көрсетсе де, концерттің бағдарламасы қандай болса да, міндетті түрде қазақ композиторларының да шығармаларын орындайды.

 

Бағдарлама:

И.С.Бах. «Искусство фуги» ре минор, BWV 1080

Ф.Мендельсон. Ішекті квартет фа минор, №6, ор.80

А.Жайым. Ішекті квартет №1

 

Ішекті квартет құрамы:

Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка)

Алексей Лебедев (2-ші скрипка)

Бекзат Сайлаубайұлы (альт)

Ернар Мыңтаев (виолончель)

 

Көркемдік жетекшісі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады