Google ad services
Туры выходного дня

Viva l`opera

2017 / 2018                    Камералық зал            V маусым

11 шілде * сәрсенбі * 19.00

Концерт

«Viva l`opera»

«Астана Операның» Камералық залында театрдың жетекші солистері – Медет Шотабаев пен Барсег Туманянның орындауында опера жауһарларының ариялары шырқалатын Viva l`opera концерті өтеді. Кеш қонағы – швейцариялық танымал опера әншісі Вардуи Хачатрян.

Меццо-сопрано Вардуи Хачатрянның шығармашылық жолында Мария Калластың есімі ерекше орын алады. Афинада өткен MARIA CALLAS GRAND PRIX жүлдегері ретінде ол Мария Калласқа арналған концерттерде өнер көрсетті. Бұдан кейін ұлы әншінің 90 жылдығына орай Еуропада (Антверпен, Амстердам, Копенгаген, Женева), Ереванда бірнеше жеке концерттер орын алды. Үлкен жетістікке ие болған кештерден кейін «Вива, Каллас!» концерттер сериясын жасау туралы ой туындайды. Өзінің өнері арқылы Вардуи Хачатрян тыңдарман қауымға опералық belcanto стилін танытуда.

Бағдарламада Дж.Россини, В.Беллини, Дж.Верди, Дж.Пуччини, Ш.Гуно, Ф.Чилеа және т.б. авторлардың туындылары орындалады.

 

КОНЦЕРТ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:

Вардуи Хачатрян (меццо-сопрано, Швейцария)

Медет Шотабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)

Барсег Туманян, Арменияның Халық әртісі (бас)

Елена Сахно (фортепиано)

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады