Шырша маңындағы Рождество
2018 / 2019 Камералық зал VІ маусым
25 желтоқсан * сейсенбі * 19.00
Камералық-вокалдық музыка концерті
«Шырша маңындағы Рождество»
«Астана Опера» театры оркестрінің әртістері мен солистері сиқырға толы мерекелік көңіл-күй орнатпақ.
Концерт бағдарламасында танымал рождестволық әуендер, сонымен бірге батыс еуропалық және орыс классик-композиторларының вокалдық, аспаптық шығармалары орындалады.
Осынау музыкалық кеш өнерсүйер қауымға жаңа жыл алдындағы тамаша көңіл-күй сыйлайды.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Альфия Каримова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)
Татьяна Вицинская (меццо-сопрано)
Әсел Жақиянова (скрипка)
Любовь Ткаченко (арфа)
Ботагөз Қалиева (виолончель)
Балжан Сапарова (флейта)
Елена Сахно (фортепиано)
Салтанат Әбілханова (орган)
Тромбондар квартетінің құрамы: Фархад Болатов, Павел Бородулин, Алмас Сағымбаев, Қайрат Егімбаев
Валторналар квартеті
Балалар театралдық студиясының хоры. Жетекшісі – Алтынғаным Ахметова
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут