rebranding

«Mamma mia» мюзиклі. Тұсаукесер! Өскемен қаласында

Өзінің жеке кәсібін ашқан Донна қызымен бірге грекиялық аралда тұрады екен. Оның Софи есімді қызы жуырда болатын үйлену тойына қарқынды түрде дайындалуда. Алайда осынау елеулі сәтте әкесінің болмайтынына күйінген қыз өзінің әкесін табуға бел буады. Анасының жеке күнделігін тауып, Софидің әкесі болуы мүмкін бірдей үш үміткер бар екенін аңғарады. Тайсалмас қалыңдық сол үміткерлердің үшеуіне де анасының атынан хат жазып, тойға шақырыпты. Үйленгелі жатқан арасындағы біреулерінің туған қызы екенін аңғармай, жастық шағының беймаза кездерін еске алуға талпынған үш еркек, әрине, аралға келеді. Ендігіде Софи бір тәулік ішінде өзінің туған әкесі кім екенін біліп табуы керек... 

Бағдарлама:

Мюзикл негізінде шведтік ABBA тобының 22 әндері, соның ішінде: «Dancing Queen», «Money Money Money», «Take a Chance on Me», «The Winner Takes It All» және «Mamma Mia» секілді туындылары орындалмақ.