Google ad services
queen
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Ұлы дала әуендері

Ұлы дала әуендеріҚұрметті Елорда тұрғындары және қонақтары! 2 желтоқсан күні «Қазақстан» Орталық концерт залында КСРО Халық артисі, Қазақстанның әйгілі композиторы, кемеңгер ұстаз, заманауи қазақстандық классикалық музыканың негізін салушы, кәсіби композиторлық мектептің көрнекті өкілі – Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың 90 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ӘУЕНДЕРІ» концерті өтеді. Ғазизи Жұбанова – Жұбанова- өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор. Оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де танымал.

Қазақстан Республикасының атақты әрі жетекші ұжымы – «Академия солистов» Мемлекеттік оркестрі композитордың әйгілі жауһар туындыларын  орындайды. Концерттегі жеке орындаушылардың шеберлігі арқылы Ғазиза Жұбанованың жан тебірентерлік музыкасының құдіретін сезінуге болады. Оркестрмен бірге орындалатын скрипкаға арналған концертті жарқыраған жұлдыз, талантты әрі жас скрипкашы Ақбике Алғи орындайды. Оның шығармашылық қоржынында көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жүлделері бар. 2017 жылғы жетістіктерінің ішінде П.И.Чайковский атындағы ІІ халықаралық жасөспірімдер байқауының ІІ дәрежелі сыйлығы, атақты Karwendel Music Festival байқауы аясында 2018 жылғы наурызда Carnegie Hall /New York, USA/ әлемнің үздік концерт залында өнер көрсетуі.

2017 жылы П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын үздік бітіріп, аталған өнер ордасының ассистентурасына түсіп, өзінің орындаушылық шеберлігін шыңдаған Ғ.Жұбанованың немересі Карина Измайлова оркестрмен бірге орындалатын фортепианоға арналған концертті шырқайды. Ол көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, Ғ.Жұбанованың шығармашылығына арналған көптеген мақалалардың авторы және дарынды пианист ретінде өзін таныта білді. Карина Измайлованың  музыка шығаруға деген қызығушылығы атақты Жұбановтар әулетінің шығармашылық сабақтастығын айқындайды.

Концерттің дирижері – халықаралық байқаулардың лауреаты, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Асқар Дүйсенбаев.

Сіздерді керемет концертте күтеміз!

Билеттердің құны – 1000 теңге.