«РОМАНС СИҚЫРЫ»
2018/2019 Камералық зал VI маусым
1 наурыз * жұма * 19.00
Вокалдық музыка кеші
«РОМАНС СИҚЫРЫ»
Орыс романсы – әлемдік мәдениеттің бірегей құбылысы. Бұл – поэзия, музыка және ән салудың бір арнаға тоғысып, әрбір жүрекке жақын әрі таныс сезімдерді оятатын жанр. Романс адамды толғандырған дүниелердің бәрін – махаббатты, қайғы-мұңды, арман-үмітті, шаттықты барынша көрсетуге мүмкіндік береді – бұл жанрдың әміріне барлығы да бағынады.
Көне романстар, орыс және шетелдік композиторлардың шығармалары, испан сарсуэлалары вокалдық кештің сәнін келтірмек, ал музыкалық сый ретінде операдан алынған көріністер ұсынылады.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Татьяна Вицинская, Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (меццо-сопрано)
Батыржан Смақов (контртенор)
Рамзат Балакишиев, халықаралық байқаулардың лауреаты (тенор)
Әсел Жақиянова (скрипка)
Ботагөз Қалиева (виолончель)
Любовь Ткаченко (арфа)
Жәнібек Сапаров (гитара)
Ерболат Ташкенбаев (соқпалы аспап)
Фортепиано партиясында – Әмина Тайкенова ин дер Шмиттен
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады