Scorpions в Алматы

Махаббат алауы маздайды...

2017 / 2018                    Камералық зал            V маусым

27 ақпан * сейсенбі * 19.00

Концерт

«Махаббат алауы маздайды...»

27 ақпан күні Камералық залға келген көрерменнің назарына әлемдік операның лирикалық әйелдер бейнесінің топтамасы ұсынылады. «Астана Опера» театрының солистері Мәдина Исламова (сопрано) және Рамзат Балакишиев (тенор), сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзовтің (баритон) орындауында қазақстандық, итальян және орыс композиторларының операларынан танымал ариялар, дуэттер мен көріністер шырқалады. Концертке оркестр солистері – Балжан Сапарова (флейта), Любовь Ткаченко (арфа), Кирилл Красюков (скрипка) қатысады. Фортепиано партиясында – театрдың бас концертмейстері Елена Сахно. Концерттің жүргізушісі – музыкатанушы Маржан Жәкенова.

Н.Римский-Корсаков операсының кейіпкері Ақшақардың Еру көрінісінде шырқайтын сөз орамы кештің атауына арқау болды. Дегенмен, «махаббат алауы маздайды» деп ғашықтық отына күйіп қаза болған Дж.Пуччинидің «Турандот» және «Богема» операларынан Лиу мен Мими, Е.Брусиловскийдің аттас операсынан Жібек және В.Беллинидің «Монтекки мен Капулетти» операсынан Джульетта сынды өзге де кейіпкерлер айта алады. Егер Ақшақар құрбыларымен, сүйікті күйеу жігітімен мұңлы қоштасып жатса, біз қаһарлы қыстың соңынан жер-жаһанға шуағын шашып, алғашқы мерекесімен нәзік жандыларға сезімін білдірген ару көктемге қуанудамыз.

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция өзіне орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады