rebranding

Операдағы джаз

Симфониялық концерт

«Операдағы джаз» 

 

2017 жылдың 23 желтоқсаны «Астана Опера» театрының Үлкен залында «Операдағы джаз» симфониялық музыка концерті өтеді.

Бағдарламада Дж.Гершвин, А.Копленд, Л.Бернстайн және ХХ ғасырдағы өзге де атақты композиторлар жазған опералардың үзінділері орындалады. Бұл авторлар опера, симфония, концерт және т.б. классикалық жанр туындыларында джаз өнерінің элементтерін кеңінен пайдаланған.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдинов өзінің жалынды қуатымен джаз музыкасын интерпретациялау өнері арқылы көрерменді тамсандырмақ.

Кеш бойы сахна төрінде «Астана Опера» симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.

 

Концерттің ұзақтығы 1 сағат 30 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады