Scorpions в Алматы

«Көктем тынысы»

Виолончельге арналған музыка кеші

«Көктем тынысы»

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Көктемгі көңіл күймен көмкерілген концертті халықаралық байқаулардың лауреаттары Ермек Құрманаев (виолончель) пен Анара Камельинова (фортепиано) ұсынады. Музыкалық дуэт сан алуан бағдарламадағы өнерлерімен тәнті етеді: әртістер ірі топтамалық формаларды да, танымал классиканы да шебер орындайды. Ермек Құрманаев пен Анара Камельинова – көптеген музыкалық марапаттардың, оның ішінде «Үздік музыкалық ансамбль» номинациясы бойынша өнер саласындағы UMAI-2022 Ұлттық сыйлығының иегерлері.

Музыкалық классиканың жауһарларынан ләззат алу үшін аспапшылар «Көктем тынысы» концертіне шақырады.

Кеш бағдарламасында Бахтан бастап Пьяццоллаға дейінгі түрлі дәуір мен стильдегі композиторлардың шығармалары шырқалады.

БАҒДАРЛАМА:

И.С.Бах. «Ариозо»

А.Жұбанов. «Ария»

К.Сен-Санс. «Лебедь»

Г.Форе. «Пробуждение»

Ж.Массне. «Медитация»

Л.Малашкин. «Я встретил вас...»

С.Рахманинов. Соната. III часть

С.Рахманинов. «Вокализ»

А.Арутюнян. «Экспромт»

Р.Щедрин. «В подражание Альбенису»

A.Пьяццолла. Le Grand Tango

A.Пьяццолла. Oblivion

A.Пьяццолла. Libertango

ОРЫНДАУШЫЛАР:

халықаралық байқаулардың лауреаттары –

Ермек ҚҰРМАНАЕВ (виолончель)

Анара КАМЕЛЬИНОВА (фортепиано)

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.