Алла Духованың «TODES» балеті - «ИНЗЭНАЙТ» жаңа би спектаклі

«ИНЗЭНАЙТ»: БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗ КӨРУІҢІЗ КЕРЕК

Алла Духова театрының TODES жаңа жарқын қойылымы - «ИНЗЭНАЙТ» спектаклі.

Бұл жолы Анна Духова өне сүйер қауымға әлем жауһарларының төлнұсқасын ұсынбақ. Ұлы суретшілердің туындылары би тілімен көрермендерге жаңа қырынан ұсынылады. TODES қана паш ете білетін баурағыш, жылдам, әрбір бұралған қимылына дейін тиянақты ойластырылған өнер.

Эдгар Деганың көркем кенептері мен Тристан және Изольданың жантүршігерлік махаббат хикаясы Энди Уорхолдың жарқын бейнелеу өнерімен алмасса, рок-н-ролл патшасы Элвистей би шашқан өнерпаздар шеберліктерін шашып, Филипп Малявиннің ырғақты әрі сезімтал әндері шырқалып шыға келеді. Қойылымға арнайы жазылған Денис Гарнизовтың музыкалық туындысы ән сүйер жанды бей-жай қалдырмасы анық. 

Екі актіде Алла Духова өзінің иірімділігімен таң қалдыратын классикалық балеттен бастап жандырғыш румбаға, көңілді канкан мен орыс хороводына дейінгі би жанрларының барлық түрлерін жинады. Нәзік және құмарлыққа толы, ызалы және ирониялық, әрбір қимылдан бишілердің әрлі киімдерінің соңғы жібіне дейінгі тиянақты әзірленген жиырмадан астам сахналық нөмір. Олардың авторы - Любовь Белочкина, бұрынғы балетші, ал қазір театр қойылымдарының костюмдерінің дизайнері. Ол жасаған костюмдер әрқашан «TODES» балетінің жарқын бейнелерін толықтырып, сәнгер «Инзенайт» қойылымының костюмдеріне де өз біліктілігін салды.

Алла Духова, балетмейстер және TODES би театрының көркем жетекшісі:

«Уақытымыз тығыз болып, үлгермей қалу қаупі де болған еді, алайда ісіміз оңдап, жаңа «ИНЗЭНАЙТ» спектакліміз жарық көрді. Әрбір көрермен қойылым бөктерінде өзінің жанына жақын ұғымдар мен дүниелерді табады деп сенемін. Ал ең бастысы, біздің әр ісіміздегі басты қалауымыз - бізддің ойымыздағы жарқын, баурағыш, биге тартқыш әлемге жаңа қырынан көз салады деп білемін».