ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Семей
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Айсұлу

Айсұлу

Сипаттама

Сыдық Мұхамеджанов

«Айсұлу»

Екі бөлімді комедиялық опера

С.Мұхамеджановтың 100 жылдығына орай

Либретто авторлары Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітов

Қазақ тілінде орындалады

(орыс және ағылшын тілдеріндегі синхронды титрлармен сүйемелденеді)

Ұзақтығы 2 сағат 40 минут (бір үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

«Айсұлу» операсы заманауи сюжетке құрылған тұңғыш қазақ комедиялық операсы.

Операның түпкі идеясы 1956 жылы Қ.Шаңғытбаевтың өлеңіне жазылған «Әйтеуір сол қыз бір сұлу» танымал әнінен бастау алған. Авторлар тақырыпты жалғастыруды ұйғарады, сөйтіп 1960 жылы Қазақ драма театрында С.Мұхамеджановтың музыкасына драматург Қ.Шаңғытбаев пен оның бірлескен авторы Қ.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» пьесасы қойылады. Кейін композитор осы сюжет негізінде нағыз музыкалық туынды «Айсұлу» комедиялық операсын жазды. 1972 жылы операның екінші редакциясы жасалып, оның сценарийлік драматургиясы комедия жанрының және жалпы операның негізгі заңдылықтарын көрсететіндей қарқынды, жанды болып шықты.

Оқиға желісінде жастардың күнделікті тыныс-тіршілігі, жас ғашықтар Айсұлу мен Серке, сондай-ақ комедиялық екі жұп Хасен мен Әубәкір және Айсұлудың апалары, олардың қызықты оқиғалары, ойдан шығарылған амалдары мен әзіл әрекеттері баяндалады.

Пьесаның комедиялық негізі «Айсұлу» операсының музыкалық драматургиясының заңдылықтарын айқындап берді. Бұл көпшілік хор және ансамбльдік көріністердің үлкен рөлі, көптеген музыкалық көріністердің речитативтік негізі. Бірақ композитор комедиямен бірге лирикалық бастауды алға тартады, ал опера драматургиясын лирикалық және комедиялық жағдайлар мен көріністердің тез алмасып отыруы ерекшелейді.

Сыдық Мұхамеджанов (1924 1991) XX ғасырдағы қазақ музыкасының классигі, республикамыздағы композиторлық мектептің негізін қалаушылардың бірі, КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (профессор Е.Брусиловскийдің класы) бітірген. Оның алғашқы студенттік жұмысы «Қуаныш отаны» симфониялық күй бірден танымалдылыққа ие болды. Сондай-ақ Абайдың «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» өлеңіне жазылған романс пен «Ғасырлар үні» ораториясы, одан кейін жазылған 4 операсы («Айсұлу», «Жұмбақ қыз», «Ақан сері Ақтоқты», «Қозы көрпеш Баян сұлу»), 4 симфониясы, көптеген кантаталары, хор және симфониялық поэмалары, концерттері, жүздеген әндері мен романстары кең танылды. Ол Қазақстанда оратория («Ғасырлар үні»), комедиялық опера («Айсұлу»), дауыс пен оркестрге арналған концертті жазған тұңғыш композитор.

«Құрмет белгісі» (1959), «Октябрь революциясы» (1974), «Халықтар достығы» (1984) ордендерінің кавалері.

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ ХОРЫ

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Музыкалық жетекші, қоюшы дирижер, музыкалық редактор Абзал Мұхитдин, Қазақстанның халық әртісі

Қоюшы режиссер Еренбақ Тойкенов

Бас хормейстер Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сценографтар және костюмдер бойынша суретшілер

Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Павел Драгунов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Көпшілік сахналардың қоюшы хореографы Бостан Қожабеков

Жарық бойынша суретші Сергей Шевченко

Проекциялар бойынша суретші Павел Суворов

Жобаның техникалық жетекшісі Виктор Караре

Опера труппасының директоры Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова

Қоюшы дирижердің ассистенті Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссердің ассистенттері Гүлсара Мейрамбекова, Сағыныш Абылқаир

Сценографтардың ассистенттері Ербол Бисенов, Гүлмира Исемғазиева

Бейнепроекциялар бойынша суретшінің ассистенті Азамат Құттығожин

Жарық бойынша суретшінің ассистенті Карим Рамаш

Костюмдер бойынша суретшілердің ассистенттері Дариға Тайшықова, Жанар Момынова

Ноталық материалды компьютерде теру Әлихан Ыдырысов

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)   

  • Күні

    28-29 қаңтар 2025

  • Уақыты

    19:00

    Бөлісу:

    Кесте
    • Күні
      Өту орыны
      Аймақ
      Ересектерге
      Балаларға
    • 28
      Қаңтар
      Сейс
      Astana Opera
      Большой зал-6 (БХ)
      бастап 1000
      бастап 1000
    • 29
      Қаңтар
      Сәрс
      Astana Opera
      Большой зал-6 (БХ)
      бастап 1000
      бастап 1000