ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Сатпаев
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Барокко музыкасының кеші (Astana Opera)

Барокко музыкасының кеші (Astana Opera)

Сипаттама

«ОПЕРАЛИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Барокко музыкасының кеші

Кетеван Абиатари

(скрипка, вокал, Италия)

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Барокко музыкасын сүйер қауым үшін керемет скрипкашы әрі вокалист, қайта өрлеу және барокко музыкасының майталманы Кетеван Абиатаридің (Италия) орындауында ерте дәуір жауһарларын тыңдауға тамаша мүмкіндік туындауда.

Кетеван Абиатари Грузияның тумасы, З.Палиашвили атындағы дарынды балаларға арналған Тбилиси орталық музыка мектебінің және В.Сараджишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік консерваториясының түлегі, халықаралық байқаулардың лауреаты.

2009 жылдан бері I, Culture Orchestra, ТМД Симфониялық оркестрі (Мәскеу) және Бүкіләлемдік жастар оркестрі сияқты танымал ұжымдарда жұмыс істеген. Әртіс көптеген беделді концерттік алаңдарда, оның ішінде Берлин филармониясында, лондондық Корольдік фестиваль залы мен Альберт-холлда, римдік Әулие Цецилия академиясында, Киев, Мәскеу, Санкт-Петербор, Гданьск, Варшава, Штутгарт, Бейжің, Париждің концерт залдарында, Мюнхендегі Геркулес-холлда, Нью-Йорк концерт залында, сондай-ақ италиялық театр сахналарында өнер көрсеткен.

Түрлі елдердегі 30-дан астам музыкалық фестивальге қатысқан. Қазіргі таңда Россини симфониялық оркестрінде, Марке және Болонья филармониялық оркестрлерінде, Тироль және Палермо фестивальдық оркестрлерінде, Wunderkamer ансамблінде, Inana әйелдер ансамблінде өнер көрсетуде.

2023 жылы Чезенадағы (Италия) Консерваторияның Қайта өрлеу және барокко дәуірінің әндерін айту факультетін бітірген. 2022 жылы Верди театрында Эмилио де Кавальеридің «Жан мен тән туралы түсінік» операсында дебют жасаған.

Концерт бағдарламасына барокко дәуірі композиторларының шығармалары енген.

БАҒДАРЛАМА:

А.Корелли. № 1, № 4, № 12 Гроссо концерттері

А.Вивальди. «Олимпиада» операсынан Аминтаның «Son qual per Mare ignoto» ариясы

А.Вивальди. «Гризельда» операсынан Констанцаның «Ombre vanne ingiusti Horrii» ариясы

Р.Броски. «Артаксеркс» операсынан Арбаченің «Son qual nave ch'agitata» ариясы

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Кетеван Абиатари (скрипка, вокал, Италия)

«АСТАНА ОПЕРА» КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Дирижер Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera

  • Күні

    14 маусым, 2024

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    1 hour 15 min

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 14
    Маусым
    Жұм
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 4000
    бастап 4000