rebranding

Жастық пен шабыт

«Жастық пен шабыт»

4 мамырда «Астана Опера» Камералық залында «Жастық пен шабыт» атты концерт өтеді.

Концертке қатысушылар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов (баритон), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсақожаева жетекшілігіндегі «Солистер академиясы» камералық оркестрі, сондай-ақ дарынды жас орындаушылар – халықаралық байқаулардың лауреаттары Азат Мәлік (баритон), Назым Сағынтай және Ғазиза Жүсіпбекова (сопрано), «Славян базар-2015» байқауының Гран-при иегері Димаш Құдайбергенов; Каир, Варшава және Мәскеуде өткен халықаралық байқаулардың лауреаты, X-FACTOR жобасының финалисті Рүстем Жүгінісов және т.б.

Концерт бағдарламасында қазақ және неаполитен әндері, романстар мен классикалық оперетталардан ариялар, классик-композиторлардың оркестрлік шығармалары орындалады.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады