rebranding

«Романс туралы романс»

«Астана Операның» Камералық залында солистер «Романс туралы романс» камералық музыка кешін ұсынады.

Сезімдердің шынайылығы мен тереңдігі, мәнерлі әуен мен сенімді екпін – адам жанының әлемін паш ететін романс жанрының айрықша тартымдылығының сыры осы.

Бағдарламада классик композиторлардың тыңдарман қауымның көңілінен шыққан романстары шырқалады.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Илона ТЕН (сопрано)

Рамзат БАЛАКИШИЕВ (тенор)

Ерұлан КӘМЕЛ (тенор)

Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Концертмейстерлер – Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Жанар АХМЕТОВА