rebranding

Моцартпен өткен мамыр кеші

2022 / 2023           Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал         Х маусым

16 мамыр * сейсенбі * 19.00

 

Симфониялық музыка концерті

«Моцартпен өткен мамыр кеші»

 

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхидиннің жетекшілігімен «Астана Опера» театрының солистері мен симфониялық оркестрі классицизм дәуірінің данышпаны – ұлы Вольфганг Амадей Моцарттың шығармаларынан тұратын симфониялық музыка кешін ұсынады.

Бағдарламада №29 симфония, Оркестр мен флейта және арфаға арналған концерт до мажор, сондай-ақ Оркестр мен скрипка және альтқа арналған концерттік симфония орындалады.

Альт сол кезеңдерде «күлбикедей» болған, бірақ Моцарт бұл аспапта ойнағанды ұнататын және альтшыларға ерекше құдіретті, сонымен қатар терең мағыналы шығарма сыйлады.

 

БАҒДАРЛАМА:

ВОЛЬФГАНГ АМАДЕЙ МОЦАРТ.

№29 симфония, ля мажор, KV201

1. Allegro moderato

2. Andante

3. Menuetto

4. Allegro con spirit

 

Оркестр мен флейта және арфаға арналған концерт, до мажор KV. 299

1. Allegro

2. Andantino

3. Rondeau: Allegro

 

Скрипка және альтқа арналған концерттік симфония, ми-бемоль мажор, KV364

1. Allegro maestoso

2. Andante

3. Presto

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Айсұлу ӘБІЛХАНОВА (скрипка)

Толқын ҚИЛЫБАЕВА (альт)

Алексей КОСЫРЕВ (флейта)

Айнұр ҚАМАЛОВА (арфа)

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Абзал МҰХИТДИН

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.