Қос Forte & Piano
2018 / 2019 Камералық зал VІ маусым
7 желтоқсан * жұма * 19.00
Фортепианолық дуэттер кеші
«Қос Forte & Piano»
«Астана Опера» Камералық залында Әйкерім Есімханова және Дина Мирманованың қатысумен «Қос Forte & Piano» фортепианолық дуэттер кеші өтеді.
Халықаралық байқаулардың лауреаттары Әйкерім Есімханова мен Дина Мирманова ансамбльде өнер көрсете отырып, романтик-композиторлар мен француз импрессионистерінің дуэтпен орындалатын фортепианолық бағдарламасын ұсынады.
Әйкерім Есімханова – «Болашақ» бағдарламасы шәкіртақысының иегері, Ганновердегі Жоғары музыка және театр мектебі мен Мюнстердегі Жоғары музыка мектебінің түлегі (профессорлар Кристофер Окден және Клеменс Равенің сыныбы).
Дина Мирманова – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі (Қазақстанның Халық әртісі профессор Жәния Әубәкірованың сыныбы).
Музыканттар Қазақстан мен шетелде белсенді түрде концерттерге қатысуда. 2014 жылы екеуінен құралған фортепианолық дуэт Римде өткен Фредерик Шопен атындағы халықаралық пианистер байқауында лауреат атанды.
БАҒДАРЛАМА
Э.Григ. Екі симфониялық пьеса, ор.14
Adagio cantabile
Allegro energico
И.Брамс. Төрт венгр биі
Б.Сметана. «Влтава» («Менің Отаным» топтамасынан)
С.Рахманинов. Төрт қолда ойналатын фортепианоға арналған алты пьеса, ор.11
Баркарола
Скерцо
«Орыс әні»
Вальс
Романс
«Даңқ»
М.Равель. Испандық рапсодия
Prelude а la nuit
Malaguena
Habanera
Feria
(автордың екі фортепианоға арналған өңдеуі, 1895 ж. шығ.)
Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут