Туры Казахстана на Тикетоне
107 человек интересовались событиями этого объекта за последний час.

Мекен жайы: Ақтөбе қ., Бейбітшілік даңғ., 17

Байланыс нөмірі: +7 (7132) 50-25-99, 7 (7132) 59 52 80, +7 (7132) 50-24-99

Аялдама: Тұрғындар қалашығы аялдамасы

Аялдамадан арақашықтық: 50 метр.

Кіру: Бейбітшілік даңғ. жағынан.

Тұрақ: ақысыз автортұрақ

Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры 1985 жылы 29 қарашада ашылды. Осы уақыт аралығындағы тынымсыз еңбек пен қажыр-қайраттың, талмас ізденістің арқасында 70-тен астам спектакльдер қойып, миллионнан астам көрерменге қызмет көрсетіп келеді.

Театр репертуарында қазақ халқының ертегісі «Ұр, тоқпақ!», «Дала аңызы, уа,Алдар!», «Қаңбақ шал», «Тізгініңді босат та, құстай самға» спектакльдері, С.Қалиевтің «Қоянның қулығы», М.Бартенев «Қайырлы күн!», А.Қадыров «Малшылар патшасы», Х.Гюнтер «Мүйізтұмсық пен Керік», В.Павловскис «Бақашық пен теңіз», А.Веселов «Күн іздеген аққалалар», Е.Чеповецкий «Внимание, Клоунада», М.Азов – В.Тихвинский «Ат тұяғын тай басар..», А.Болдинов «Қияндарға кетпеші…» және әлемдік классикалық әдебиет үлгілерінен ағылшын ертегісі желісімен И.Готкинаның «Дулитл хикаялары», әлемге әйгілі дат ертегішісі Х.К.Андерсеннің ертегісі бойынша «Ұсқынсыз үйрек», «Су перизаты» В.Гауфтың «Мукраттың жазасы», жапон халық аңызы бойынша «Аспандап ұшқан ақ тырна», халық аңызы бойынша қойылған «Дала аңызы уа, Алдар!», Н.В.Гогольдің «Шинель» повесінің желісі бойынша «Шапан» т.б. қойылымдары екі тілде тұрақты жүреді.

2001 жылдан бері облыстық «Алақай» қуыршақ театры көптеген халықаралық фестивальдердің лауреаты, дипломанты атанды. 2007 жылы «Кәсіби мүмкіндігі жоғары театр» атағын иеленсе, 2008 жылы ТМД елдерінің ең таңдаулы «XXI ғасыр театры» деп бағаланды.

“Оренбург қарбызы”, “Республикалық театр”, “Рязанда қыз көру”, “Екеу аз, үшеу көп”, “Ортеке”, “Жұмыс істейтін кішкене жылқы”, “Чир Чайаан”, “Алтын бетперде”, “Дарынды ғасыр бас иеді”, “Чодари хаел”, “Ұлы Ақжелкен”, “Наурыз”, “Ассалаумағалейкум – III”, “Батыс Қазақстан аймақтық форум-фестивалі”, “Бүкіләлемдік қуыршақтар карнавалы”, “Тақ-теке”, “Маршак”, “Балауса” эксперименталды қойылымдар, “Буа: Диалог кеңістігі” сынды фестивальдерге қатысып, жүлделі орынды иеленген.

Жыл сайын театр қойылымдарына толықтыру үшін Станислав Железкин, Григорий Гипиков, Юрий Фридман секілді Ресейдің халық әртістері шақырылады. Олар тәжірибесін бөлісіп, әртүрлі тақырыпта шеберлік сабақтарын өткізеді.

Краснояр режиссері Евгений Пермяков пен театрдың директоры Әсия Құрманалина бірігіп қойған “Ат тұяғын тай басар” атты қойылымы көрерменнің оң бағасына ие болды. Бүгінде осы қойылым театрдың бойтұмарына айналып отыр.

Ақтөбе облыстық қуыршақтар театрына әр жеткен жетістігі одан сайын шабыттандыра түседі. Ең бастысы, әртістерде кәсібіне деген махаббат бар. Сондай-ақ, осы күнге дейін барлық қойылым көрерменнің оң бағасына ие болып үлгерді.

Бүгінде «Алақай» қуыршақ театрының өз көрермендеріне бөлісер көптеген жоспарлары мен мақсаттары көп. Көрермен көзайымына айналуға бар күш-қайратымен биік белестерге ұмтылып келеді.