97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Ревизор»

Н.В.Гоголь  

«РЕВИЗОР»

 /комедия/

Аударған М.Әуезов

Қоюшы режиссері:  Жұлдызбек Жұманбай

Қоюшы суретші: Мұрат Мәмбетов

Костюмдер жөніндегі суретші: Мұрат Мәмбетов

Музыкамен көркемдеуші: Тимур Ерімбетов

Режиссер ассистенті : Мейрам Хабибуллин

Хореографы:  Қаршыға Дандағариев

Өмір – ревизия! Өмір – қу құлқын мен үй мүлкін ғана түгендейтін, өз қарабасын ғана ойлайтын дүниеқоңыздар үшін түрме!  ...Һәм, кімнің кім екенін ашып, пәруәрдігер пенделердің бет-пердесін сыпырып  беретін періштелер мен шайтандардың киян-кескі майдан алаңы. Сол – өмірдің бір сәтінің өзі неге Әзірейіл келгендей әлек салдырды?..Өйткені, «Ревизор келе жатыр!»  Бұл - үрейлі сөз, біздің қоғамның да қолтығында жылынып,қоламса иісін қоңырсытып әлі жүр. Келе жатыр – деген сөз - біреу үшін сүйініш, біреу үшін күйініш. Бұл қойылымда күйініш басым ба, сүйініш басым ба? Оны театрға «Ревизордан» бұрын келіп отырсаңыз байқайсыз. Иә, театрға асығыңыздар, «Ревизор келе жатыр!..»

Қойылымда көзбояушылық, жағымпаздық, парақорлық сияқты қоғамдағы келеңсіздіктерді әжуалайды. Өз заманында дүниеге келген әйгілі туынды бүгінгі күнге дейін көрермен  сұранысына ие. Сондықтан, бұл қойылым әлеуметтік-саяси комедия болып табылады.

Пьеса: шағын қалада ревизордың келуін күтіп жүрген шенеуніктер басқа адамды ревизор деп асығыс қабылдағанын, ал, нағыз ревизор келген сәттегі мемлекет қызметіндегі шенеуініктердің  іс-әрекеттері жайында  баяндайды.