97 адам соңғы сағат ішінде олар осы нысанның оқиғаларына қызығушылық танытты.

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені

Қазақ тарихында өз өмірін халық тағдырына арнаған мемлекет және әскери қайраткерлеріміз аз емес. Қазіргі таңда біріккен ұлтты, тәуелсіздігімізді, өз жерімізді сақтау мақсатында, осындай саңлақтар тобында өшпес Абылай ханның аруағының да жұлдызы жарқырайды. Оның билік басына өрлеуде өмір жолы да, туғанынан бастап, жастық шағы да өте азапты болды.

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені

Экспозицияның негізі — XVIII ғасырдағы Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері — Абылай ханның өмірі мен іс-әрекеттері жөнінде. Комплекстің экспозициясы өз көрермендерін Абылай ханның өміріндегі негізгі жағдайлармен таныстырады және әр көрерменді Отанға деген патриоттық сезімге тәрбиелейді.

Бірінші залда  Абылай ханның (азан шақырып қойған аты - Әбілмансұр) балалық және жасөспірім шағы баяндалады. Оның шығу тегі Дешті-Қыпшақ Жошы, Шыңғысханның үлкен ұлынан тарайды. Абылайдың билік құрған кезі, сонау қазақ халқының тарихындағы қиын-қыстау, аласапыран кезеңінде, қазақ хандығы үш жүзге бөлініп, көршілес Жоңғар хандығының шапқыншылығы кезеңінде өткен болатын. Осы шайқастарда ерлік көрсеткен Абылай ханның қолбасшы – батырлары: Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Сары батыр, Құлсары, Күлеке, Қожаберген және т. б. Сонымен қатар экспозициямызда ХVIII ғасырдың қару-жарақтары көрсетілген. Екінші залда Абылай ханның дәстүрлі қазақ үрдісіндегі жатын бөлме заттары көрсетілген. Үшінші залдың нақ ортасында Абылай ханның бейнесі, жалпы ұлттық ер адам мен әйел адамның киімдері, қару-жарақтар, тұрмыс заттары қойылған. Төртінші залдағы экспозиция жәдігерлері Абылай ханды ұлы мемлекет қайраткер, данышпан саясаткер, сауатты дипломат, талантты қолбасшы, даңқты ел билеуші ретінде тани алатын материалдармен жабдықталған. Ол қазақ хандығын құра білді және оның мақсаты елді біріктіру еді. Абылай ханның сыртқы саясаты икемділікпен, мәмілеге келушілікпен жүргізілді. Оның Ресей мен Қытай сияқты алып мемлекеттермен қарым-қатынасы басқа Орта Азиялық мемлекеттермен қарым-қатынастардан әжептәуір айрықша болатын. Абылай хан Ресей бодандығынан бас тартқан жоқ, бірақ  екі жақ державаларының өзіне деген ықпалының күшеюінің енуіне жол берген жоқ. Осындай ұлы тұлғаның арқасында қазақ халқы өз ұлттық сана-сезімін, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін сақтап қалды. Ұлы Абылайдың іс-әрекетінің қорытындысы - Қазақстанның тәуелсіз ел болып құрылуына қол жеткізуі.

Жұмыс режимі:

Дүйсенбі

Сейсенбі: 10:00 - 19:00

Сәрсенбі: 10:00 - 19:00

Бейсенбі: 10:00 - 19:00

Жұма: 10:00 - 19:00

Сенбі: 10:00 - 19:00

Жексенбі: 10:00 - 19:00

Айдың соңғы жұмасы - санитарлық күн.