Дыбыс поэзиясы мен сөз сазы
2018 / 2019 Камералық зал VІ маусым
12 желтоқсан * сәрсенбі * 19.00
Вокалдық-аспаптық музыка кеші
«Дыбыс поэзиясы мен сөз сазы»
«Астана Опера» театрының Камералық залында «Дыбыс поэзиясы мен сөз сазы» вокалдық-аспаптық музыка кеші өтеді.
«Астана Опера» театры жетекші солистерінің орындауында М.Глинка, П.Чайковский, Н.Римский-Корсаков, Д.Шостакович сынды орыс классик-композиторларының операларынан ариялар, сонымен қатар А.Пушкин, М.Лермонтов және т.б. ақындардың сөздеріне жазылған вокалдық туындылар шырқалады.
Операның жетекші солистері мен шебер аспапшы-музыканттардың өнері кешке романтикалық көңіл-күй сыйламақ.
Орындаушылар:
Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)
Альфия Каримова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)
Дина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (меццо-сопрано)
Жан Тапин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)
Халықаралық байқаулардың лауреаттары:
Евгений Чайников (баритон)
Кирилл Красюков (скрипка)
Курванжан Ахатов (виолончель)
Любовь Ткаченко (арфа)
Фортепиано партиясында – Мәдениет қайраткері Елена Сахно
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут