
«Төрт шабандоз» атты қойылымдық өнер кеші
Сипаттама
Астана қаласында алғаш рет - театр, көркем өнер, мүсіндеу, би, импровизация және каллиграфия өнерлерін бір ортада ұштастыратын бірегей арт-тәжірибе.
Сіздерді Ақырзаманның Төрт Шабандоздарының әлемдері арқылы саяхатқа апарамыз. Ашаршылық, Соғыс, Оба және Ажал болмысы құлдырау бейнесі ретінде емес, жаңа әлемге таза қадам ретінде танылатын болады. Түптамыр қорқыныш сезімі тұла бойымызды баураса да, осынау күрделі жолды енсеріп, сіздер барлық уайым-қайғыдан арылып, жаңа жолға жаңа тыныспен, өмірге қайта келгендей жеңіл сезіммен нық қадамдайсыздар.
Сіздерді не күтуде?
Иммерсивті әрекет - қарапайым көрермен емес, оқиғаның тікелей кейіпкері боласыздар.
Тұла бойыңызды баурайтын ауқымды визуалды және музыкалық атмосфера.
Елорданың кәсіби өнерпаздары әзірлеген көркем инсталляциялары мен жанды орындаулар.
Біл сиқырлы сапарыңызда кім серік болмақ?
Всеволод Рычков - сахналық әрекет пен көрермендер арасында гипнотикалық атмосфера қалыптастыратын тәжірибелі жетекші және актер.
Сергей Садков - рэп-импровизация тілімен ақиқат қиырын ашатын сөз шебері.
Анастасия Кузнецова мен Полина Крутова - көңілдеріңізге ерекше әсер ететін бейнелермен жұмыс істейтін кәсіби суретшілер.
Руслан Батырбаев - көркем жазбалары ерекше мағына мен энергияға ие каллиграф.
Тимур Загидуллин мен Виктория Вейцман - мың бұралған қимылдары сөзден артық жеткізетін хореограф пен бишілер.
Айжан Ассуми - бір сәтті бейнелей білген мүсінші.
Невесом - сезім толқынын өзінің терең дауысымен жеткізе білетін дарынды әнші.
Кесте
19:00 - Қонақтарды қарсы алу
14:30 - Спектакльдің басталуы
19:20-19:40 - Акт 1. Ашаршылық
19:40-20:00 - Акт 2. Соғыс
20:00-20:20 - Акт 3. Оба
20:20-20:40 - Акт 4. Өлім
20:40-21:00 - Талқылау, фото, суретшілермен және әртістермен қарым-қатынас
Орындар саны шектеулі - өз орындарыңызды алуға асық болыңыздар!
Мекен-жайы
Астана қ., Қасым Аманжолов көшесі, 22А, Lm Kulanshi Art
Күні
2025 жылғы 28-29 наурыз
Уақыты
19:00
Автотұрақ
тегін, көрме кеңістігінің жанында
Ұзақтығы
2 сағат
Жас шектеуі
18+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 28НаурызЖұмГалерея LM Kulanshi ArtЗалбастап 12000бастап 12000
- 29НаурызСенбГалерея LM Kulanshi ArtЗалбастап 12000бастап 12000