Репертуар театра им. Чехова

The world of Hans Zimmer Ақтөбеде

Tynda.music симфоникалық оркестрдің орындауында ұлы композитор Ханс Циммердің жаңа музыкалық бағдарламасын ұсынады. 

Ханс Циммер - фильмдерге жазған музыкасымен аса әйгілі неміс кинокомпозиторы. Циммер киноиндустриядағы ең инновациялық композиторлардың бірі деп танылады. Оның еңбектері электрондық музыка дыбыстары мен дәстүрлі оркестрлік аранжировкаларды үйлестіріп жазылуымен ерекшеленеді. 

Ханстың музыкалық сүйемелдеуінің арқасында «Интерстеллар», «Король Лев», «Начало», «Пираты Карибского моря», «Шерлок Холмс», «Темный рыцарь» секілді кинофильмдер бірден танылатын туындыларға айналды. Осы көркем фильмдердің аты аталған кезде, олардың музыкасы естеріңізге түсетіні әбден анық. Бұл дегеніміз Ханс Циммердің еңбегінің көрінісі. 

Tynda.music туралы:

Әдеттен тыс алаңдарда сүйікті музыкасын орындау идеясы шабыттандыратын кәсіпқой музыканттар ұжымы. Бағдарламаны өзіндік таңдай алу мүмкіндігі, күтпеген локациялар мен форматтың иірімділігі сенімді шығармашылық идеялары бар музыканттар тобын оңтайлы біріктірді. 

Ұйымдастырушы бағдарламаға өзгертулер енгізуге құқылы.