Scorpions в Алматы

МАЗУРКА, ВАЛЬС, ПОЛОНЕЗДЕР…

Э.Г.Гилельстің туғанына 100 жыл және

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай

МАЗУРКА, ВАЛЬС, ПОЛОНЕЗДЕР…

Фортепиано музыкасының кеші

 

Солист – Нұрлан Измаилов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

7 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының Камералық залында Э.Г.Гилельстің туғанына 100 жыл толуына орай, белгілі қазақстандық пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Измаилов өнер көрсетеді.

Н.Измаилов ХХ ғасырдың ұлы пианисттерінің бірі – Эмиль Гилельстің шәкірті болу бақытына бөленген, оның ауқымды репертуары барокко дәуірінің фортепианолық шығармаларынан бастап (И.С. Бах, Д. Скарлатти), ХХ ғасырға дейінгі музыкаларды қамтыды. Ол пианинода мінсіз ойнауымен, орындау барысындағы жарқындылығы мен күштілігі, сонымен қатар, терең лирикалық қасиеті мен музыканы жеткізудегі сыпайлығымен ерекшеленді.

«Мен Гилельс жайлы ойлаған кезде, оны үнемі Капабланкамен салыстырамын. Капабланканың ойыны біріңғай – әр саусақ қимылы өзара тіркесіп, шахмат тақтасындағы өнерге ұқсайды. Гилельсте бөлек ноталар болған жоқ, ол музыка өрнегін жасай білді» (М.М. Ботвинник «Эмиль Гилельс: сырттай кездесулер»).

Концерт бағдарламасында Нұрлан Измаилов, шығармашылық өмірінде әрдайым көңіл бөліп жүрген поляк композиторы Фредерик Шопеннің шығармаларын орындайды. Бұл өз кезегінде ұлы музыкант және пианисттер – Фредерик Шопен мен Эмиль Гилельстің рухына арналған музыкалық тарту болмақ. Н.Измаилов романтик композитордың өшпес туындыларына деген өзіндік көзқарасын ұсынады.

 

БАҒДАРЛАМА

Фридерик Шопен

Алты мазурка

Үш вальс

Баркаролла ор.60

Полонез №6, ор.53 As-dur

Полонез-фантазия ор.61

Соната h-moll ор.57

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады