Scorpions в Алматы

Валерия Болиеваның «Мәдениет саласының үздігі» жеке концерті

16 мамырда Ақмола облыстық филармониясының солисі, «Мәдениет саласының үздігі» құрмет белгісінің иегері Валерия Болиеваның көптен күткен жеке концерті өтеді!

Концертке әншінің арнайы шақырған достары - Қазақстанның күміс көмей әншілері де қатысып, «Астана Опера» МОБТ дирижері Руслан Баймурзиннің жетекшілік етуімен симфониялық оркестрдің сүйемелдеуінде өнерлерін ортаға салады. Валерия Болиева мен оның достары сіздердің назарларыңызға әлемдік және заманауи классикалық шығармалардан тұратын тың концерттік бағдарламасын ұсынып, сіздерге көтеріңкі көңіл-күй, көктемнің лебіндей ғажайып сезім мен естен кетпес мереке сыйлайды!

16 мамыр күні сағат 19:00-де Ақмола облыстық филармониясының залында өтетін әдемі кештің куәсі болыңыздар! Біз сіздерді күтеміз!