rebranding

ГАЛА-ОПЕРА КСРО Халық әртісі Ермек СЕРКЕБАЕВТЫҢ 95 жылдығына орай

2021 / 2022 Үлкен зал IХ маусым

21 желтоқсан * сейсенбі * 19.00

ГАЛА-ОПЕРА

КСРО Халық әртісі Ермек СЕРКЕБАЕВТЫҢ

95 жылдығына орай

КСРО Халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Ермек Бекмұхамедұлы
Серкебаевты еске алу құрметіне орайластырылған ГАЛА-ОПЕРА оның 95 жылдығына
арналады.
Көзінің тірісінде «Баритондар патшасы» деген атқа ие болған қазақтың әйгілі
әншісі дауысы мен сахналық өнері жағынан нағыз шебер атанып, көлемді опералық және
камералық репертуарымен мақтана алған.
Кеш бағдарламасында – «Қазақстанның алтын дауысы» атанған әнші
репертуарынан туындылар, сонымен қатар қазақстандық және шетелдік
композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, аспаптық
шығармалар.
Концертке «Астана Опера» театрының опера әншілері, симфониялық оркестрі және
хоры қатысады.

Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИН
Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан ДӘУІТОВ

Ұзақтығы – 1 сағат 50 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады