rebranding

Гала-концерт «Baqytty Вala - 2022»

Өтетін орны: Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы, «Өнер орталығы» залы

Күні: 13 тамыз 2022 ж.

Басталуы: 19:30

Тұрақ: 

Жас шектеуі: 6+

Қосымша:

 

 


 

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония сіздерді   «Baqytty Вala - 2022» ІV ашық балалар вокалдық  фестиваль-байқауының гала - концертіне шақырады!

Гала концертке Болгария, Румыния, Испания, Армения, Түркия, Өзбекстан, Ресей елдерінен және Қазақстанның бірнеше қаласынан таланттар қатысады. Кеш қонақтары: Рухия Еділқызы Байдүкенова  - «Шапағат» медалінің иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Славян базары-2021» халықаралық өнер фестивалінің гран-при иегері, Р.Бағланова атындағы мемлекеттік «Қазақконцерт» концерттік ұйымының әншісі.

 «Baqytty Вala - 2021» ІII ашық балалар вокалдық  фестиваль-байқауының  жеңімпазы -  Айлун Заушева және «Baqytty Вala - 2021»  байқауындағы ең қалаулы марапат  Димаш Құдайбергеннің сыйлығы шет елде өтетін  жеке концертіне арнайы шақырту алған – Адель Құнәділова .