rebranding

Ел тірегі – Елбасы

2020 / 2021 К.Байсейітова атындағы Камералық зал ІХ маусым

1 желтоқсан * сәрсенбі * 17.00

Мерекелік концерт
«Ел тірегі – Елбасы»

«Астана Опера» театрының опера солистері мен оркестр әртістері
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Ел тірегі –
Елбасы» мерекелік концертін ұсынады.
Бағдарламада Қазақстан халықтарының әндері, классик
композиторлардың туындылары мен Тұңғыш Президенттің сүйікті әндері
шырқалады.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Ғалия Байғазинова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)
Маргарита Дворецкая, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)
Галина Чеплакова (сопрано)
Назым Сағынтай (сопрано)
Мәдина Исламова (сопрано)
Айдана Даниялова (сопрано)
Ая Еркен (сопрано)
Малика Минизини (меццо-сопрано)
Дариға Мұсаева (меццо-сопрано)
Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)
Алмат Ізбамбетов (тенор)
Абылай Бекенов (тенор)
Нұрсұлтан Шатырханұлы (тенор)
Батыржан Смақов (контртенор)
Ермек Берімжанов (баритон)
Балжан Сапарова (флейта)

«Астана Опера» театрының балалар хоры, жетекшісі – Алтынғаным

Ахметова

Концертмейстерлер – Меруерт Жекенова, Жаңыл Рахымбекова,

Айшабибі Асқарова, Раушан Бескембирова

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады