АЙ, ДА БАЛАЛАЙКА!
Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!
Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы мен Павлодар музыкалық колледжі сіздерді «Самға» шығармашыл жастарды қолдау жобасы аясында бірлескен концертке шақырады. Кештің қонақтары Ресейдің халық әртісі Андрей Гуревич пен халықаралық байқаулардың лауреаты Вадим Шелеповтың қатысуымен өткен танымал балалайшылар дуэті.
Павлодар филармониясы мен музыкалық колледжі дарынды жас музыканттарды қолдау, көрермендерді кәсіби отандық және шетелдік орындаушылардың шығармашылығымен таныстыру дәстүрін жалғастыруда.
23 қараша күні «Самға» бірлескен жобасы аясында Павлодарда алғаш рет көрші Новосібір балалайка аспапшылары дуэтінің қатысуымен үлкен концерт өтпек. Кештің бағдарламасында орыс халық және классикалық шығармалары, көне романстар мен қазіргі заманғы отандық авторлардың шығармалары бар.
Сахна төрінде Ресейдің халық әртісі Андрей Гуревич пен халықаралық байқаулардың лауреаты Вадим Шелепов, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Виктор Денисенконың басқаруымен орыс халық аспаптары студенттік оркестрі және Қазақстанның мәдениет озаты Оксана Петрушкинаның басқаруымен «Лад» орыс халық аспаптар ансамблі өнер көрсетеді.
Жас дирижерлер Анель Шевчук және Виталий Жидков өнер көрсетіп, сондай-ақ Иса Байзақов атындағы филармонияның жетекші солистері баритондар Алмас Мұқатай, Айбар Ашкеев және Әлижан Қазбеков өз өнерлерін паш етпек.
Концертте көрермендер павлодарлық музыкатанушы және композитор, профессор Наум Шафердің лирикалық шығармаларының бірін тағы бір мәрте тамашалайтын болады. Өзінің атақты «Кешкі вальсын» ол 1947 жылы, автор небәрі 16 жаста болғанда жазған. Оны жас вокалист, музыка колледжінің екінші курс студенті Константин Еременко орындайды.