ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Ош
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Жарқанат (КАТМК)

Жарқанат (КАТМК)

Сипаттама

Тарихи анықтама

«Жарқанат» австриялық композитор Иоганн Штраустың (ұлы) опереттасы. Неміс драматургі Юлиус Бенедикттің «Абақтыға қамалу» фарсы және Анри Мельняк пен Людовик Галевидің «Дабылды сағат» атты водевилі негізінде жазылған Карл Хаффне мен Рихард Жененің либереттосы. Бұл либереттоның көңілді, өткір ойлы, мерекелі сарыны Штраустың көңілінен шығып, бүкіл партитура 6 апта ішінде толық жазылып біткен еді. Опереттаның премьерасы «Ан дер Вин» театрының сахна төрінде 1874 жылдың 5 сәуірінде болды. Үш жылдан кейін «Сыған қыз» атты өзгертілген нұсқасы Париж қаласында ерекше табысқа жетіп, кейіннен опереттаны Автралия мен Үндістанды қоса басқа да елдерде ойната бастады. Жаңа түзетулерден кейін ақырғы салтанатты табысы 20 жыл өткен соң келіп жетті.

Қойылым мазмұны

«Жарқанат» классикалық оперетта болып табылады. Онымен әрбір кездесу қуантады да таңғалдырады. Бұл музыкалық туындының өшпестігінің құпиясы неде екен? Музыкасында да, әлде оқиға желісінде ме? Иә, дәл осы музыка мен пьесаның керемет үйлесімінің әсерінен «Жарғанат» осындай танымалдыққа ие. Сондай-ақ қазіргі таңда адамдар өзара қарым-қатынастарды біраз басқаша құратын болған.
Осы себеппен дана Розалинда мен өзінің хаңды сынарын тағы бір, өзіне ұнаған қыз кейпінде танымаған Генрихтың хикаялары сондай тартымды.

Арулардың арбауына оңай түсетін ескі дос Фальк үй қызметшісі Адельді ақсүйек бикеш деп санап қалады. Жеңіл лебізді сөздер, күлкілі жағдайлар... Және де әр сат қайталанып тұратын, алайда орнықты өкініш. Мұндай жағдайлар әйелқұмар жандармен көптен болып тұрады. Бұл көңілді қойылым ерекше шеберлі, реңкті және жарқын әуеннің сүйемелдеуімен аяқталады. Қойылымның бүкіл уақыты бойы керемет вендік вальс орындалып жатады. Бұл деген нағыз жан рахаты емес пе!

Қойылым ерекшеліктері

Бұл Мәскеу мен Ленинградтың жетекші театр университеттерінде жақсы білім алған мамандардан тұратын керемет қойылым тобы ол кезде әлі жас (4 жыл) музыкалық комедия театрында қойылған оперетталардың бірі. Оперетта мен оның канондарының дәстүрлі стилі сақталып, кейбір актерлік және режиссерлік қосулар болғанымен, оқиға желісі түрленбей, модернистік өзгерістерге ұшырамай сақталған. Кейінірек танымал болған режиссер Юрий Мельцердің қойылымындағы И. Штраустың классикалық опереттасы әлі күнге дейін сол редакцияда сомдалып, көрермендерді қуантуды жалғастыруда. Қызықты және жеңіл декорацияларды бас суретші Мәлік Байкенов орындаған.

Толық оқыңыз
  • Спектакльдің авторы

    Д. Бенедикса, Э. Мило және Л. Галеви 

  • Премьера күні

    24 желтоқсан 1977 ж.

  • Режиссер

    Юлий Мельцер

  • Әртістер

    опереттада театрдың жетекші вокалистері, хор және балет әртістері өнер көрсетеді

  • Жанры

    3 актілі Оперетта

  • Қоюшы Балетмейстер

    Владимир Колчанов

  • Қоюшы-дирижер

    Виталий Брук

  • Қоюшы-суретш

    Мәлік Байкенов

  • Хормейстер

    Галина Новикова

  • Либреттосы

    Н. Эрдман, М. Вольпин

  • Ұзақттығы

    2 сағат 45 минут

  • Жас шектеуі

     10+

  • Жанр

    оперетта

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 23
    Қараша
    Сенб
    KATMK
    ДКГ
    бастап 700
    бастап 700