rebranding

Tik Tok Concert Қарағандыда

TikTok concert в Караганде

Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 32, Кеншілер мәдениет сарайы

Күні: 14 маусым 2023

Басталуы: 19:00

Жанр: Саундтректер 

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут 

Жас шектеуі: 7+ 

Қосымша:

 

 

Tiktok музыка саласына жаңа дем берген әлеуметтік желінің бірі. Бұл платформа бүкіл әлем бойынша миллиардтаған адамды біріктірді және музыка тұрғысынан жаңа әртістер үшін трамплинге айналып, ескі хиттерге жаңа серпін берді. Филармония солистері TikTok-тың трендтік хиттеріне сүйеніп, бүгінде бәрі білетін әуендерді сахналық қойылымға айналдырып, академиялық өнерді трендтер арқылы танымал етіп, заманауи поп-мәдениетті басқаша ұсынуға шешім қабылдады.

Үрлемелі оркестрдің көркемдік жетекшісі Никита Почиталиннің айтуынша, ұжым ең жас көрермендердің талғамына сай осы батыл шығармашылық экспериментке барған. Үздік хиттерді мұқият зерттей отырып, филармонияның өңдеушілер тобы осы жоба үшін үрлемелі оркестрге арналған түпнұсқа өңдеулерін жасады. Ерекше нақышқа өзгерген шығармалар ұжым орындауында жоғары көркемдік құндылыққа ие болды. Оркестрдің концертін ALEM заманауи би балетінің бишілері (көркемдік жетекшісі Бақыт Тажинов) және Dostar вокалдық-би ансамблінің әртістері толықтырады, олардың әр қимылы TikTok-тағы танымал би челлендждеріне бағытталады.

Үрлемелі оркестр өңдеулерінде көңіл-күй мен динамикасы мүлдем басқа әуендер орындалады. Көрермендер соңғы жылдары британдық Longest Johns музыкалық фоль-тобы мен шотландиялық музыкант Натан Эванстың нұсқасында TikTok желісінде керемет хитке айналған «Wellerman» әнін естиді. Музыка әуесқойлары Lady Gaga, Dido, Eminem, Megan Trainor, Бобби Макферрин, Doja Cat, G-Nation band, Мирас Жүгінісов сияқты әртістердің шығармаларын, сондай-ақ заманауи қазақ әндерінен попурри, аниме музыкасы, Japan song және әлеуметтік желідегі заманауи өңделген әуендерді тыңдайды.