Репертуар театра в Кызылорде

«Жастық пен шабыт». Екінші концерт

 

2022 / 2023            Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал                  Х маусым

12 наурыз * жексенбі * 18.00

 

 

«Жастық пен шабыт»

Екінші концерт

 

 

Камералық зал сахнасында жетік орындаушылық шеберліктерін паш ететін жас музыканттардың қатысуымен «Жастық пен шабыт» концерті өтеді.

Концертте Қазақ ұлттық өнер университеті мектебінің оқушылары, сондай-ақ шетелдік музыканттар өнер көрсетеді. Олардың көпшілігі – беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары, олар өз елінің өнерін шетелде лайықты танытып келеді.

Музыкалық кеш бағдарламасында классик композиторлардың шығармалары шырқалады.

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады