Мәңгілік вена классикасы
2017 / 2018 Камералық зал V маусым
10 сәуір * сейсенбі * 19.00
«Мәңгілік вена классикасы»
10 сәуірде Камералық залда өтетін «Мәңгілік вена классикасы» концертінде «Астана Опера» Камералық оркестрінің орындауында веналық классик композиторлардың шығармалары шырқалады. Солист – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов (скрипка).
Концертте дирижер ретінде өнер көрсететін – көрнекті виолончелист Эльдар Сапараев.
Эльдар Сапараев – «Вена симфониеттасы» оркестрінің дирижері, Германияның Оңтүстік-Батыс филармониялық оркестрінде концертмейстер, Штутгарттағы И.С.Бах атындағы академияның мүшесі, сондай-ақ аты аңызға айналған «Кельннің филармониялық виолончельшілері» виолончель секстетінің қатысушысы. Тонхале (Цирюх), Лисинг залы (Загреб), Берлин филармониясы, Уолт Дисней-холл (Лос-Анджелес) және тағы басқа әйгілі концерт залдарында өнер көрсетеді. Қазақстанда белсенді түрде гастрольдерде болып, «Астана Опера» театрының сахнасында бірнеше рет өнер көрсеткен.
БАҒДАРЛАМА:
В.А.Моцарт. «Сиқырлы флейта» операсының увертюрасы
Й. Гайдн. № 85 симфония («Патшайым»), Си-бемоль мажор
I. Adagio – Vivace
II Romance, allegretto
III Menuetto & trio, allegretto
IV Finale, presto
В.А.Моцарт. Скрипка мен оркестр арналған №5 концерт, ля мажор (KV219)
1. Allegro aperto
2. Adagio
3. Rondeau: Tempo di menuetto
«Астана Опера» Камералық оркестрі. Дирижер – Эльдар Сапараев
Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 20 минут
Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады