КІШКЕНТАЙ МУК
2021 / 2022 Үлкен зал ІХ маусым
9 қазан * сенбі * 12.00
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының
ГАСТРОЛІ
Н.Макаревич
«КІШКЕНТАЙ МУК»
Музыкалық ертегі
Либретто авторы – Е.Пермякова
Премьерасы 2020 жылғы 23 желтоқсанда өтті.
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Режиссер – Евгения ПЕРМЯКОВА
Дирижер – Николай МАКАРЕВИЧ (Беларусь, Минск)
Музыкалық жетекші – Жанна ШЕСТАКОВА
Балетмейстер – Татьяна СУДАКОВА-ПОПОВИЧ
Сценография – Любовь СИДЕЛЬНИКОВА (Беларусь, Минск)
Костюмдер бойынша суретші – Құралай КАГЕНОВА
«Кішкентай Мук» – атақты неміс жазушысы Вильгельм Гауфтың әйгілі ертегісі. Ол сиқырға толы әрі сәттілік әкелетін тұмарлар туралы шығыс ертегілеріне негізделген. Бұл туынды әр кездері әлемнің көптеген театрларында сахналанған.
ҚАМКТ-дағы «Мук» – таңғажайып, тамаша ертегі, онда ғажайып түрленулер, құпиялар мен аңыздарға толы оқиғалар орын алады. Басты кейіпкер Мук – кедей, бірақ өте ақылды бала. Бір күні ол желаяқтар сайысында патшаның өзін басып озады. Біздің театрдағы ертегі шынайы достарды қалай табу керектігін, жақсылықтың жамандық пен қызғанышты қалай жеңетінін баяндайды.
Ұзақтығы – 1 сағат