Репертуар театра в Кызылорде

Вокалдық музыка концерті «Романспен кездесу»

Вокалдық музыка кеші

РОМАНСПЕН КЕЗДЕСУ

(С.Рахманиновтың туғанына 150 жыл толуына арналады)

замат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Бибігүл ЖАНҰЗАҚ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Фортепиано партиясы – Мадина ФАЙЗИЕВА,

Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі

Сергей Рахманиновтың туғанына 150 жыл толуына арналған вокалдық музыка кешін «Астана Опера» театрының солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бибігүл Жанұзақ пен Азамат Жылтыркөзов және концерт қонағы – Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Мадина Файзиева (фортепиано) ұсынады.

Концерт бағдарламасында орыс классигінің вокалдық шығармалары шырқалады.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.